Алтай Көлгінов «Nur Otan» праймеризінде дауыс беруге қатысты
Қала әкімі праймериз кандидаттардың өзін көрсетуіне, партия алдында тұрған түрлі міндеттерді шешуде өз тәжірибесі мен білгенін ортаға салуына жақсы мүмкіндік екенін атап өтті. «Осылай біз бәсекелестік жағдайында партия көшбасшыларын таңдап, нәтижесінде тізімді қалыптастыра аламыз. Бұл біз үшін пайдалы тәжірибе деген ойдамын», — деді қала басшысы. Оның айтуынша, қатысушылардың ең көп саны Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. «Алдымен 403 адам тіркелді, артынан кейбірі бас тартты. Басында бір орынға 18 адамнан болды — бұл үлкен бәсекелестік. Қатысушылар арасында жаңа тұлғалар көбірек. Олардың ішінде 30%-дан астамы — әйел адам, шамамен 40%-ы — жастар, бұл да қуантады. Оның ішінде ШОБ және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар», — деді Алтай Көлгінов. Сонымен қатар, қала басшысы үгіт-насихат бағдарламаларының қайсысына көбірек назар аударғанын былайша жеткізді: «Мен көбінесе қалалық бағдарламаларға қараймын. Кандидаттар қала тұрғындарын толғандыратын проблемаларды қаузайды. Мұнда ҚР Парламент Мәжілісіне, сондай-ақ мәслихаттарға үміткерлер де болғандықтан елдік мәселелерді қозғайтындары да бар», — деді әкім. Айта кетейік,«Сарыарқа» ауданы бойынша партия мүшелерінің жалпы саны 7 513 адамды құрайды. Ауданда барлығы 9 сайлау учаскесі жұмыс істейді.