Ауа райы: Жаңбырдың арты қарға ұласады
14 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Қазгидромет РМК 3-5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Жексенбі күні – солтүстік-батыс, солтүстік, ал келесі аптаның басталуымен – Қазақстанның орталығы мен шығысы циклон жырасының ықпалында болады. «Бұл циклонның орталығы Таймыр түбегінің үстінде орналасқан және арты қарға ұласатын жаңбыр әкеледі. Еліміздің қалған аумағы Баренц теңізі аудандарынан келетін кең антициклонның ықпалында болады. Антициклон негізінен жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. Республика бойынша ауа температурасының біртіндеп төмендеуі, кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, орталықта және шығыста - көктайғақ, төмен бұрқасын күтіледі», делінген синоптиктер таратқан хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
28 желтоқсан, 2024
Астанада коммуналдық парк жаңа техникалармен толықтырылды
28 желтоқсан, 2024
Үркер тұрғын алабында жаңа жылға арналған мерекелік бағдарлама өтті
28 желтоқсан, 2024
Көңілді старттар мен шеберлік сабақтары: Астанада жаңа жылдық ойын-сауық басталды
28 желтоқсан, 2024
Елордада әскери бөлімнің туған күні тойланды