Елорда әкімі жаңадан жүргізіліп жатқан көше құрылысымен танысты
«Жаңа жолдар мен көпірлер тіршілігі қайнаған көшелердің жүгін азайтып, жақын маңдағы аудандар мен жалпы, қала тұрғындарына қолай тудыратыны сөзсіз. Аралау кезінде Nova City маңындағы №27 көшені № 39 көшемен (Тәуелсіздік) жалғайтын көше құрылысымен таныстым», — деп жазады әкім Instagram парақшасында. Айтуынша бұл көшенің мынадай жүйелі мәселелерді шешеді: - Жолды аэропорт бағытында жалғап, Тельман тұрғын алабымен қосады. Осы алап тұрғындарының қалаға қатынайтын жолы мейлінше қысқарады; - Мәңгілік Ел мен Ұлы Дала даңғылдарының жүгін азайтады; - Осы жаңа көшеден Есіл өзені мен Нұра-Есіл каналы үстінен екі көпір болады. Олар өзеннің қос жағалауын байланыстырады. «Биыл барлығы 150 көшені жөндеуден өткіземіз және жаңадан саламыз», — деді Алтай Көлгінов.