Мұғалімдерге үй аралаудың қандай қажеті бар – басқарма басшысының жауабы
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Мұғалімдерге үй аралаудың қандай қажеті бар – басқарма басшысының жауабы](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115544849734737.webp)
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова онлайн брифингте сынып жетекшілерінің аз қамтылған отбасыларының АӘК алуы үшін акт толтыру жұмысына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Мұғалімдер қазіргі уақытта қашықтан сабақ бергенмен, сыныбында аз қамтылған отбасылардың балалары болса, сол отбасылар атаулы әлеуметтік көмек алуы үшін үйлерін аралап, арнайы акт толтыруда. Егер бұлай істемесе, аз қамтылған отбасылар АӘК алудан қағылады деседі. Тек білім берумен айналысуы тиіс мұғалімге мұндай артық жұмыстардың қандай қажеті бар?» деген Елорда Инфо тілшісінің сауалына Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова былай деп жауап берді: «Бұл жұмысты олар мұғалім ретінде емес, сынып жетекші ретінде атқарады. Яғни әкімшілік тапсырма болғандықтан, бұл міндет сынып жетекшілеріне әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың Атаулы әлеуметтік көмек алуы үшін комиссия мүшесі ретінде жүктелген. Қазіргі уақытта аз қамтылған отбасылардың ішінде АӘК алатын және алмайтын отбасылар да бар. Бұл көмек түрін көпбалалы отбасылардың алуға құқығы бар. Ал оны алу үшін сынып жетекшілері өткізетін акт міндетті түрде қажет. Себебі «Судың да сұрауы бар» дегендей, бюджет қаржысының да есебі бар. Сондықтан сынып жетекшілерінің бұл міндеті, бір жағынан олардың сыныбындағы оқушыларға қамқорлық көрсетуі болып саналады. Дегенмен бұл – жүйелік жұмыс емес. Тек тамыз, қыркүйек және қазан айларында ғана жүргізіледі».
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)