Елордалық оқушыларға 34 мыңнан астам компьютер таратылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық оқушыларға 34 мыңнан астам компьютер таратылады
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова компьютерлік техникалардың қажеттілігіне арнайы мониторинг жүргізілгенін, соның негізінде техникалардың қанша балаға таратылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Компьютерлердің қажеттілігіне мониторинг жүргіздік. Осы мақсатта 34 472 дана компьютерлік техника сатып алуға шарттар жасалды. Бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары 100 пайыз қамтылады. Ата-ана қамқорлығынан айрылғандар және білім берудегі ерекше қажеттілігі бар балаларға міндетті түрде беріледі», - дейді басқарма басшысы. Ведомство басшысы өз сөзінде бүгінге дейін қанша балаға компьютерлер мен роутерлер таратылғанын айтып өтті. «20 тамыздан бастап елордалық оқушыларға компьютерлік техника, ал 25-інен бастап роутерлер таратыла бастады. Бүгінгі таңда 9 мыңнан астам компьютер, 13 300 роутер таратылды. Бұл жұмыстар жалғасады», - дейді Шолпан Қадырова. Айта кетейік, басқарма басшысы онлайн жиында елорданың 40 мектебінде «Дарын онлайн» платформалары қолданылатынын мәлім еткен болатын.