«ANTIKOR ORTALYGY» алаңында білім беру мекемелері басшыларының қатысуымен жиын өтті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«ANTIKOR ORTALYGY» алаңында білім беру мекемелері басшыларының қатысуымен жиын өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115546924539145.webp)
Бүгін «ANTIKOR ORTALYGY» алаңында Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева мен Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырованың және мектеп директорларының қатысуымен ZOOM платформасы арқылы онлайн жиналыс өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Кездесу барысында ҚР Қылмыстық-процестік Кодекстің 200-бабына сәйкес, құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен жағдайларды жою жөніндегі 2 ұсыным қаралды. Сондай-ақ мекеме қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейту мақсатында жыл басынан жолданған 7 ұсыным қайта талқыланып, тиісті ұсыныстар берілді. Жазира Жылқышиева әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын фактілердің алдын алу және жолын кесу үшін тиісті шараларды жүйелі түрде жүргізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін бірінші басшылар да жауапты екендігін ескертті. Сонымен қатар Агенттіктің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жаңашылдықтарды, мекемедегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және азаматтар арасында парасаттылық құндылықтарын насихаттау бойынша ақпараттан құлағдар етті.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)