Диплом беруді бизнеске айналдырған университеттер жабылды – Аймағамбетов
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Диплом беруді бизнеске айналдырған университеттер жабылды – Аймағамбетов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211554604358399.webp)
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн брифингте университеттердің жұмысы қатаң тексеріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Мемлекет басшысы білім және ғылым салаларын дамытуға үлкен мән беріп отыр. Сонымен қатар Президент тарапынан жоғары оқу орындарына қатысты біршама талап қойды. Бұл ретте дипломды студенттердің біліміне қарай бермей, бизнеске айналдырып отырған оқу орындарының осындай әрекеттерімен күрес жүргізіп жатырмыз. Бірнеше университет жабылды. Соның ішінде атап өтетін болсақ, еліміздің оңтүстік өңіріндегі 35 мың студенті бар университетте тиісті деңгейде білім берілмеген. Осындай халі мүшкіл бірнеше университет жабылса, тағы біразының ісі сотта қаралып жатыр. Алайда қазіргі індетке байланысты тексеріс жүргізу ісінде біраз қиындық бар. Дегенмен жұмыс жалғаса береді», – деді министр.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)