1-сынып оқушылары биыл әліппемен қайта қауышады – министр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![1-сынып оқушылары биыл әліппемен қайта қауышады – министр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115546421377500.webp)
Биыл 1-сынып оқушылары алғашқы екі тоқсанда әліппені, соңғы екі тоқсанда ана тілін оқиды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Әліппеге қатысты шешімімізді бұған дейін де айтқан болатынбыз. Бұл өте маңызды шара. Әліппені мектептерде қайтадан қолданысқа енгізу жөніндегі шешім Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Енді бағдарламаны бекітуге дайынбыз. Бұл бағдарлама ғұламамыз Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде болады. Яғни бағдарламаны қазақ тілінің өзіне тән қасиеттерінің негізінде дайындау маңызды болып тұр. Мысалы, дыбыстар бойынша. Өйткені қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктері бар. Сондықтан бағдарламаны ғалымдармен бірлесіп жасадық. І және ІІ тоқсанда 1-сынып оқушылары әліппе оқулығын, ал ІІІ және ІV тоқсанда Ана тілі оқулығын оқитын болады. Бұл өте маңызды. Себебі мазмұны жағынан оқушыларға өте тиімді. Неге десеңіз, балалар мектепке бара салып, бірден мәтінді оқымауы керек. Өйткені мектепке қадам басатын балалардың деңгейі әртүрлі. Осы жөнінде қазіргі уақытта қарқынды жұмыстар жүргізілуде», – деді министр.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)