«Барыс» хоккей клубы жаңа ойыншымен толықты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Барыс» хоккей клубы жаңа ойыншымен толықты
ашық дереккөз

Тамерлан Гайтамиров «Барыс» хоккей клубына қосылды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Атап айтқанда, Тамерлан Гайтамиров бір маусымға екі жақты келісімшартқа отырды. Гайтамиров соңғы жылдары солтүстік америкалық жасөспірімдер лигасында тер төккен. «Де Мойн» сапында барлығы 23 ойынға қатысып, 3 рет шабуыл жасаған. Сонымен қатар, Чехияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Гайтамиров Қазақстан құрамасының капитаны болған. 7 ойын өткізіп, бір голдық пас берген.