COVID-19: Соңғы үш аптада еліміздегі жағдай қалай өзгерді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![COVID-19: Соңғы үш аптада еліміздегі жағдай қалай өзгерді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115554535863806.webp)
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов еліміздегі коронавирус инфекциясы жайлы мәліметтен хабардар етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Науқастардың 3,6 пайызы немесе 379 адамның денсаулығына ауыр және өте ауыр деп бағаланып отыр. 50 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Соңғы тәулікте 175 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырды. Өкінішке қарай, 13 адам қайтыс болды. Ал коронавирустық инфекцияға ұқсас белгісі бар, бірақ ПТР сынақ теріс нәтиже көрсеткен жағдайлар бойынша жалпы мәліметке тоқталсақ, тамыздың 1-24 аралығында 22 744 науқас тіркелді. 4 519 науқас жазылып шықты. 258 адам қайтыс болды», - дейді ол. Ол өз сөзінде соңғы үш аптадағы жағдайды салыстырып, толық ақпарат беріп өтті. «Соңғы 3 аптадағы жағдайды салыстырмалы түрде жеткізсем, тамыздың 3-9 аралығында коронавирусты 7 108 адам жұқтырды. 222 адам қайтыс болды. ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен 7 940 жағдай тіркелді, 122 адам қайтыс болды. Ал тамыздың 10-16 аралығында жағдай біршама өзгерді. Соңғы аптада COVID-19 вирусын 3 995 адам жұқтырды, 151 адам қайтыс болды. ПТР тест теріс нәтиже көрсеткен 5 344 жағдай тіркелді. Оның ішінде 64 адам қайтыс болды. Соңғы бір аптада, яғни тамыздың 17-23 аралығында COVID-19 індетін 1 685 адам жұқтырды. 108 науқас қайтыс болды. 4 138 адамның ПТР тесті сынақтан теріс нәтижесі анықталып, оның ішінде 40 адам қайтыс болды», - дейді Бағдат Қожахметов.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)