ИИДМ: Автомобиль жолдарын қысқы кезеңге дайындау жұмыстары жалғасуда
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ИИДМ: Автомобиль жолдарын қысқы кезеңге дайындау жұмыстары жалғасуда](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115558227669447.webp)
Қазақстанда 1 шілдеден бері автомобиль жолдарын алдағы қысқы кезеңге дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қысқы кезеңде қауіпсіз және кедергісіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін көктайғаққа қарсы материалдар мен қар тазарту техникасын дайындау жұмыстары қарқын алған, деп хабарлайды Елорда Инфо Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. Бүгінгі таңда «Қазақавтожол» ЖШС-дегі қысқы техниканың саны 1098 бірлікті құрайды. Осы жылдың соңына дейін жол-эксплуатациялық техниканың қосымша тағы 50 бірлігі мен қажетті жабдықтардың 30 бірлігі алынады деп жоспарлануда. Көктайғаққа қарсы материалдардың қоры 13% құрайды. Атап айтқанда, құмның 9,5 мың текше метрі, електің 5,2 мың текше метрі және тұздың 1,9 мың тоннасы дайындалды. Қазандықтар, жылыту пунктері, қоймалар, көлікжайлар мен тұрақтар сияқты өндірістік базалар 95% дайын. Айта кету керек, қысқы кезеңде күтіп ұстау жұмыстарымен автомобиль жолдарының 24,7 мың шақырымы қамтылмақ. Олардың 19,9 мың шақырымы «Қазақавтожол» ЖШС, 4,1 мың шақырымы мердігер ұйымдардың, жалпы ұзындығы 682 шақырымды құрайтын ақылы жол учаскелері «QazAvtoJol» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалының теңгерімінде болады.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)