Астанада Президенттік бал өтті
1 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Астанада жыл сайынғы жоғары оқу орны студенттері ұйымдастыратын Президенттік бал өтті, деп хабарлады Elorda.info Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Шараның мақсаты – «Қоғамға қызмет» бағдарламасы аясында жас ұрпақты рухани тұрғыда дамытып, қайырымдылықты насихаттау. Шараға биыл 50 жұп қатысты.
Президенттік бал 2013 жылдан бастап есептеген кезде, шамамен 13 рет өткізіліп отыр. 10 жыл қатарынан өткізіліп келе жатыр. Шамамен 2 айдай дайындалады. Жеңімпаздарға бұл жерде арнайы берілетін тәж бар, демеушілерден сыйлықтар бар. Ең басты сыйлық – жылдың Тәжі, - деді KAZGUU басқарма төрағасының орынбасары Мұхамеджан Ерболат.
Ұқсас жаңалықтар