00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада электросамокат паркі 35 пайызға жаңартылады

Астанада электросамокат паркі 35 пайызға жаңартылады
ашық дереккөз

Елордада қысқы демалыстан кейін Whoosh кикшерингтік сервисі өз жұмысын қайта бастады. Жаңа маусымда мобильді қозғалыс құралдарының танымалдылығы артқанына байланысты электр самокаттар паркі 35 пайызға ұлғайтылады, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Наурыз мейрамы қарсаңында Whoosh кикшерингтік сервисінің электросамокаттары елорда көшелерінде пайда бола бастады. Қазір виртуалды автотұрақтарда 500-ден астам самокат бар.  Компания ауа райының жылынғанын ескеріп, құрылғылардың санын көбейтуді жоспарлап отыр. Whoosh сервисінің негізін қалаушы және бас директоры Дмитрий Чуйконың сөзінше, жаңа маусымда Whoosh  2600-ден астам электрсамокатын қолданысқа береді.

Көктемде Whoosh жаңартылған электрсамокаты паркін ұсынды. Қыс мезгілінде барлық құрылғы техникалық қызмет көрсетуден өтті. Бүгінде белсенді пайдалануға дайын тұр. Сервис флоты -  саладағы ең жас флоттардың бірі. Ол кикшеринг үшін арнайы жасалған заманауи тозуға төзімді модельдерден тұрады. Whoosh техникалық тобы тәулік бойы электрсамокаттардың дұрыстығын, олардың көшедегі тәртібін және құрылғылардың қуат деңгейін бақылайтын болады, - деді Дмитрий Чуйко.