Астананың Білім басқармасы Наурыз мейрамына арналған челлендж бастады
1 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Құрметті оқушылар мен студенттер, сіздерді Наурыз мейрамына арналған челленджге қатысуға шақырамыз. Ол үшін мектептің Instagram парақшасында Наурызға байланысты ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлердің маңызы туралы бейнеролик жариялау қажет, – делінген хабарламада.
Келесі кезекте Астана қаласы Білім басқармасының @bilimastana парақшасын #challengenauryz #nauryzmerekesi хэштегімен белгілеу керек.
Шарты:
Бейнеролик ұзақтығы – 1-2 минут.
Челлендж 20 наурызға дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 12:57
Астаналық жастар тұрғындарды экологиялық акцияға қатысуға шақырды
Бүгін, 12:22
Есірткі өндіретін астыртын зертхана ашқан 3 астаналық бас бостандығына айырылды
Бүгін, 11:47
Елордада танымал әнші Jony-ге көшет сыйлады
Бүгін, 10:35
Татуласу орталықтарында медиатор мен психологтар консультациялар өткізеді