00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада қыздар арасында конкурдан жарыс өтеді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада қыздар арасында конкурдан жарыс өтеді
ашық дереккөз

Астанада 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай конкурдан қыздар арасында ашық біріншілік өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Астана, Қарағанды, Алматы, Ақмола облыстарынан келген шабандоздар 8 наурызда «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде үздіктерді анықтайды.

Байқауға қатысушылар биіктігі мен күрделілігі бойынша 4 бағытта жарысады:

Бірінші санат – «Әуесқойлар санаты, 105 см»;

Екінші санат – «Балалар санаты 12-15 жас, 110 см»;

Үшінші санат – «Ашық сынып санаты, 120 см»;

Төртінші санат – «Екі кезеңнен тұратын ашық санаты, 120 см»

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 6 000 000 теңге.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерінің федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.