00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада коммуналдық қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада коммуналдық қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
ашық дереккөз

Бүгін Астанада қар күреу жұмысына 2 148 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

28 ақпаннан 1 наурызға қараған түні елордадан 7 мың текше метр қар немесе 508 рейс шығарылды.

Сәрсенбі күні таңертең қала көшелерінің қарын күреп, көктайғақты жою үшін 2 148 жол жұмысшысы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Ауа райының тұрақсыздығына, температураның өзгеруіне және жауын-шашынға байланысты көшеде көктайғақ пайда болды. Азаматтардың емін-еркін жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі. Бұл ретте елорда тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болу керек, – делінген хабарламада.

Қыс мезгілі басталғалы бері қаладан 3,6 млн текше метрден астам қар немесе 290 мыңнан астам рейс шығарылды.