Биыл 24 мыңнан астам астаналық жұмыспен қамтылады
Астана қаласының Коммуникациялар қызметі алаңында «2022 жыл қорытындысы бойынша жұмыспен қамту туралы. 2023 жылға арналған жоспарлар» тақырыбында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жүсіпов пен «Жұмыспен қамту орталығы» КММ директорының орынбасары Сәбит Жаманбаев брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Елорданың еңбек нарығындағы жағдай тұрақты және қатаң бақылауда. Жұмыссыздық деңгейі – 4,5%, бұл көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 0,3%-ға төмен.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде былтыр жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 27,5 мыңнан астам адам, оның ішінде 17,9 мың жас қамтылды: 12,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 8 362 адам (3 407 жастар); жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар берілді – 350 (204 жастар және 146 әлеуметтік осал топтар қатарынан); жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша кәсіптік оқыту – 172 (26 жастар); жұмыс берушінің жұмыс орнында кәсіптік оқыту – 64 (14 жастар); «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту – 4 320 (2 255 жастар); enbek.kz платформасында дағдыларға онлайн оқыту – 598 (196 жастар), – деді спикер.