00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада қыс басталғалы 3,4 млн текше метр қар шығарылды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада қыс басталғалы 3,4 млн текше метр қар шығарылды
ашық дереккөз

Қаланың коммуналдық қызметтері қыс мезгілі басталғалы бері күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істейді. Күн сайын қар күреу жұмысына екі мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылады, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада қазір қар жауып тұр. 23 ақпанға қараған түннің өзінде қаладан 17,5 мың текше метр қар немесе 1 358 рейс шығарылды.

Бейсенбі күні таңертең қар күреу үшін екі мыңнан астам жол жұмысшысы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс мезгілі басталғалы қар полигондарына 3,4 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 276 988 рейске тең.

Тұрақсыз ауа райына және температураның өзгеруіне байланысты көшеде көктайғақ пайда болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болу керек. Азаматтардың емін-еркін жүруі үшін жолдарға, тротуарларға, көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі, – делінген хабарламада.