00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«E-Qurylys» ақпараттық жүйесінің пайдасы мол – басқарма басшысы

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«E-Qurylys» ақпараттық жүйесінің пайдасы мол – басқарма басшысы
ашық дереккөз

Елордада енгізілген «E-Qurylys» ақпараттық жүйесі арқылы құрылыс ұйымдарының белгіленген талаптарын, оның ішінде сапасын, мерзімін, құнын, орындалған жұмыстарды қабылдау және объектілерді пайдалануға беру бойынша талаптарды сақтауын бақылай аламыз. Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Дәулет Досқұлов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру нәтижелері бойынша 121 млн теңгеден астам суммаға 477 субъект жауапкершілікке тартылды, құрылыс салушылар, мердігер ұйымдар, жобалау және сараптама компаниялары орындауға міндетті ескертулерді жоюға 210 ұйғарым енгізілді. Әкімшілік іс жүргізу шеңберінде заңсыз құрылыс бойынша пәрменді санкциялардың болмауына байланысты құрылысты заңсыз деп тану және оны бұзу туралы, сондай-ақ нұсқамалар талаптарын орындауды мәжбүрлеу туралы талап қоюдың сот практикасы жолға қойылды. Өткен кезеңде сот 5 талап-арызды қанағаттандырды. Соңғы үш жылдағы әкімшілік тәжірибені талдау сот тоқтатқан әкімшілік істер санын азайту бөлігінде оң динамиканы көрсетті. Бұдан басқа, сот актілерін мәжбүрлеп орындау бойынша сот орындаушыларымен бірлескен жұмыс үйлестірілген, соңғы үш жылда 40-тан астам сот актісі орындалған, – деді ол.

Дәулет Досқұловтың айтуынша, бүгінгі таңда басқарма базасында салынып жатқан 1523 нысан тіркелген. Ай сайын құрылыс барысы туралы 1000-нан астам есеп келіп түседі, талдау қорытындысы бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін ден қою шаралары қабылданады. Техникалық қадағалау сарапшыларының есептері қалыптастырылатын «E-Qurylys» ақпараттық жүйесін енгізу нәтижелері бойынша құрылыс ұйымдарының белгіленген талаптарды, оның ішінде сапасы, мерзімі, құны, орындалған жұмыстарды қабылдау және объектілерді пайдалануға беру бойынша талаптарды сақтауының оң серпіні байқалады.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы бақылау. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижесінде ЖАО 2018 жылдан бастап 2022 жылдың ағымдағы уақытына дейінгі кезеңде 320-бап 1-бөлім бойынша әкімшілік жауапкершілікке 143 құрылыс ұйымы анықталды және тартылды. Жаңа проблемалық объектілердің пайда болуын болдырмау мақсатында 2021 жылғы 23 қарашада ИжИДМ үлестік құрылыс және кооперативтер мәселелері бойынша Жол картасы (ҚР БП, ҚР БҚМ, ЖАО) әзірленіп, бекітілді. Бүгінгі күні ИжИДМ ҰЭМ-мен «Көппәтерлі тұрғын үйлер салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға байланысты құрылыс қызметінің субъектілеріне қатысты рұқсат беру бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» бірлескен бұйрық әзірленуде.

Еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бақылау. Еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша 16 млн.теңгеден астам сомаға 87 субъектіні тарта отырып, 267 тексеру жүргізілді. Биыл 31 қаңтардағы жағдай бойынша Астана қаласы жалақы бойынша берешек 8 кәсіпорындағы 66 қызметкердің алдында 38,2 млн теңгені құрады. Мерзімі өткен берешек: 2021 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы сәуірге дейінгі кезеңде «АИС-Астана компаниясы» ЖШС-нің 43 қызметкерінің алдында 13,7 млн. теңгені құрайды, жүргізілген жұмыс арқылы директорға қатысты материалдар қылмыстық іс қозғау үшін Астана қаласының полиция департаментіне жіберілді, – деді басқарма басшысы.

Ол атап өткендей, қазіргі уақытта банкрот және оңалту сатысындағы кәсіпорындардағы жалпы берешек 7 кәсіпорындағы 23 қызметкер алдында 24,5 млн теңге.

Ветеринария және өсімдіктерді қорғау саласындағы бақылау. Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті ұйымдастыру саласындағы жұмыстар басқармамен тұрақты негізде жүргізіледі. Астана қаласының аумағында 2361 ауыл шаруашылығы жануарлары идентификацияланды (Ірі қара мал – 269 бас, ұсақ мүйізді мал – 1642 бас, шошқа – 4 бас, жылқы – 446 бас). 2022 жылы ауыл шаруашылығы жануарларын ұстаумен айналысушылардың жалпы саны 91 жеке және заңды тұлғаны құрады. (2 – шаруа қожалығы, 5 – жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 – акционерлік қоғамы, 1 – мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, 2 – республикалық мемлекеттік кәсіпорын, 1 – жеке кәсіпкер, 71 – жеке қосалқы шаруашылық).

2022 жылы аса қауіпті ауруларға қарсы 2 957 диагностикалық зерттеулер жүргізілсе, 2023 жылы 3 250 зерттеулер жүргізу жоспарлануда. Биыл жыл соңына дейін 3 500 қаңғыбас жануар тегін стерилизацияланатын болады. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап «Таңба» жануарларды тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істейді, қазіргі таңда 2 421 ит пен 292 мысық тіркелген. Астана қаласының аумағында 2023 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестеріне (саяқ шегіртке) қарсы 700 га аумақты өңдеу жоспарлануда.

Лицензиялау, аттестаттау және техникалық инспекция саласындағы қызметтер. Өткен жылы заңды және жеке тұлғаларға барлығы 927 лицензия берілді. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық және инжинирингтік қызметтерді (техникалық қадағалау, авторлық қадағалау, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру, қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау) жүзеге асыратын 221 сарапшы аттестатталды. Бұл саласындағы жобаларды басқару бойынша барлығы 61 компания аккредиттелген. Техникалық инспекция стандарттар мен регламенттердің талаптарын бұзбай, белгіленген мерзімде 5810 мемлекеттік қызмет көрсетті, – деді қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы.

Сондай-ақ спикер алдағы жоспарларымен де бөлісті. 

Кәсіпкерлік кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес тексеру іс-шараларын жүргізу арқылы сәулет-құрылыс қызметі, еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар саласындағы мемлекеттік бақылауды іске асыру және тиісті ықпал ету шараларын қабылдау. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында бақылауды жүзеге асыру, құрылыс салушылардың «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңының талаптарын сақтамағаны үшін жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты шаралар қабылдау. Бұдан басқа, 310 433,73 шаршы метр тұрғын үй-жайларды проблемалық үлестік құрылыс объектілері бөлігінде пайдалануға беру жоспарлануда. Астана қаласының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді Дәулет Досқұлов.