00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жүлде қоры – 12 000 000 теңге: Астанада конкурдан ашық кубок өтеді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жүлде қоры – 12 000 000 теңге: Астанада конкурдан ашық кубок өтеді
ашық дереккөз

Астанада ат спортының конкур түрінен «Арғымақ» ашық кубогы өтеді, деп хабарлады Elorda.info.  

26 ақпан күні еліміздің Қарағанды, Алматы, Шымкент және Астана қаларынан келетін шабандоздар бақ сынайды.  

Бағы мен бабы келіскен сымбаты мен сыны, жүрісі мен жылдамдығы үйлескен сәйгүліктер сайыстың бес бағдары бойынша сынға түседі:

Бірінші санат – «Балалар санаты». Кедергiлердiң биіктігі – 110 см-ге дейін.

Екінші санат – «Дөнендер жарысы». Кедергiлердiң биіктігі – 100 см-ге дейін.

Үшінші санат – «Бесті аттар». Кедергiлердiң биіктігі – 120 см-ге дейін.

Төртінші санат – «6 жастан жоғары». Кедергілердің биіктігі – 125 см-ге дейін.

Бесінші санат – «Еркін санаты». Кедергілердің биіктігі – 130 см.

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 12 000 000 теңге.  

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Жарыс 26 ақпан сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде өтпек.