00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада 200-ге жуық дүкен азық-түлік бағасын қолдан көтерген

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада 200-ге жуық дүкен азық-түлік бағасын қолдан көтерген
ашық дереккөз

Елордада дүкендердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті үстеме бағамен сатқаны анықталды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаев мәлім етті деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері біздің мониторингтік топ 500-ге жуық дүкенді тексеріп шықты. Оның ішінде 198 дүкен тауарды үстеме бағамен сатып келген. Бізде сауда туралы заң бар, ол бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарларға үстемеақы 15%-дан аспауы тиіс, - деді Ерлан Бекмырзаев елордалық кәсіпкерлермен кездесу барысында.

Оның айтуынша, әкімдік сауда желілерімен белгіленген бағадан асырмау туралы меморандум жасасқан.

Өкінішке қарай, меморандумға қаланың барлық сауда желілері қол қойған жоқ. Біз бұл жерде барлық тауар туралы айтып отырған жоқпыз. Бағаны көтермеу әлеуметтік маңызы бар 19 атаулы азық-түлікке қатысты. Сондықтан да шағын бизнесті, үй жанындағы дүкен иелерін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұруға және бағаны қолдан өсірмеуге шақырамыз, - дейді ол.

Айта кетсек, елордада қала әкімінің орынбасары, қалалық кәсіпкерлер палатасы басшылығы және түрлі бизнес өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.

Шарада денсаулық сақтау, туризм, сауда және қызмет көрсету бойынша мәселелер ортаға салынды.