00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада велошабандоздар арасында чемпионат басталды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада велошабандоздар арасында чемпионат басталды
ашық дереккөз

Бүгін Астанада жастар мен жасөспірімдер арасында велоспорттан Мэдисон жарысы бойынша Қазақстан ашық чемпионаты басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Аталған бәсекеде скретч жарысынан да ҚР кубогы сарапқа салынады. Айтулы бәсекеде 60-қа жуық спортшы қатысуда. Олардың 17-і Астана қаласының велошабандоздары.

16 ақпанға дейін жалғасатын чемпионат «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.

Еске сала кетейік 10-12 ақпан күндері элиталық санаттағы спортшылар спринт омниумынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Бұл сында 40-тан астам велошабандоз қатысты.