«Қоғамдық қауіпсіздік»: Елордада жедел профилактикалық іс-шаралар өтті
Астанада ювеналды полицейлер «Қоғамдық қауіпсіздік» жедел профилактика аясында бірқатар іс-шараларды өткізді, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жазатайым оқиғалардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында 1 ақпаннан 10 наурызға дейінгі аралықта елорда аумағында “Қоғамдық қауіпсіздік” жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Оның аясында елордалық полицейлер №62 мектеп-лицей базасында балалардың жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын жетілдіруге бағытталған екі кезеңнен тұратын іс-шараны өткізді.
Бірінші кезеңде 9-11-сынып оқушылары арасында спорттық эстафета болды, онда командалар жолда өзін-өзі ұстау ережелері, жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарын жүргізушілердің негізгі құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін көрсетті.
Эстафеталық жарысқа әр командада 10 оқушыдан тұратын 9 сыныптан “STOP”, “Steam”, “Отбасы” және “Жол көліктері” атты 4 командалық топ қатысты. 7 эстафета өткізілді.
Қорытынды бойынша 1-орынды “Паровоз” командасы, 2-орынды “Отбасы” командасы, 3-орынды “STOP” командасы және “Жол көліктері” командасы белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.
Іс-шараның жеңімпаздары мен жүлдегерлері Полиция департаментінің дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.
Екінші кезеңде полицейлер 8-9-сынып оқушыларымен балалардың жолдағы қауіпсіздігінің негізгі ережелерін үйрететін бейнероликті көрсету арқылы интерактивті сабақ өткізді. Сонымен қатар, патрульдік полиция полкінің қызметкерлері көшедегі жүрісті реттеушінің іс-әрекеттерін көрсетіп, тақырыптық буклеттерді таратты.
Тәртіп сақшылары мектеп оқушыларын Астана қаласының аумағында балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының статистикасымен таныстырып, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерін атап өтті.
Кездесу барысында патрульдік полиция инспекторлары оқушыларға жолда және жаяу жүргіншілер өткелінде өзін қалай дұрыс ұстау керектігін айтты. Балалармен жүргізілетін мұндай профилактикалық іс-шаралар мектеп оқушыларының мүмкіндігінше жол қауіпсіздігі туралы есте сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған. Дәріс өте қызықты өтіп, оған 200-ге жуық оқушы қатысты.
Астана қаласы ПД-ның ювеналды полиция бөлімінің басшысы Нэлля Дощанованың айтуынша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша елордада кәмелетке толмағандардың қатысуымен 130 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 141 бала зардап шекті, 1-еуі қайтыс болды.
Жол-көлік жарақаттануының алдын алу мақсатында елордалық полицейлер жыл басынан бері 16 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесті, 213 мас жүргізуші ұсталды.