00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада бір түнде 16 мың текше метр қар шығарылды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада бір түнде 16 мың текше метр қар шығарылды
ашық дереккөз

Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде қаланы қар мен мұздан тазарту жұмысын жалғастыруда. Қыс мезгілінде олар елордадан үш миллион текше метрден астам қар шығарды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігіне сілтеме жасап.

11 ақпанға қараған түні қар полигондарына 1 135 рейс арқылы 16 мың текше метрге жуық қар шығарылды. 

Таңертең қаланың барлық төрт ауданында қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Қыстың басынан бастап Астана көшелерінен үш миллион текше метрден астам қар немесе 246 мыңға жуық ауыр жүк шығарылды.

Көктайғақты болдырмау мақсатында жолдар, тротуарлар, алаңдар мен аялдамаларға үнемі құм-тұз қоспасы себіледі.