00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада бір түнде мас күйде көлік айдаған 20 жүргізуші анықталды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада бір түнде мас күйде көлік айдаған 20 жүргізуші анықталды
ашық дереккөз

Елордалық полицейлер “Қоғамдық қауіпсіздік” ЖПІШ аясында 640 құқық бұзушылықтың жолын кесті, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елорда аумағында осы жылдың 1 ақпаны мен 10 наурыз аралығында өткізіліп жатқан ЖПІШ аясында полицейлер өткен тәулікте 224 тұрғын алабын және қараусыз үйлерді аралап, 211 азаматтық қару иелерін және ІІО есебінде тұрған 409 тұлғаны тексерді.

Бір түнде мас күйде көлік тізгіндеген 20 жүргізуші анықталды. Барлық құқық бұзушылық фактілері әкімшілік сотпен қарастырылды.

Сонымен қатар, полицейлер елорда жолдарында бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған екі мас жүргізушіні анықтады.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Азаматтарға қоғамдық тәртіпті бұзбауға және айналасындағыларына сыйластық танытуға шақырамыз, – дейді Астана қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары Дәурен Қазбеков.