Полицейлер елордалықтарды бірнеше рет алдаған алаяқтарды ұстады
Қарағанды мен Павлодардың екі тұрғыны интернет-ресурстар арқылы астаналықтарды алдаған, деп хабарлады Elorda.info.
23 жастағы Қарағанды тұрғыны ВКонтакте әлеуметтік желісінде фейк аккаунттар ашқан. Басқа адамдардың суреттері мен жеке деректерін жариялау арқылы ол бөтен адамдардан туыстары мен достарының емделуіне ақша сұраған. Осылайша ол елорданың 11 тұрғынын алдаған.
Сондай-ақ Krisha.kz сайтында жоқ пәтерлерді жалға беру туралы хабарландыруларды жариялаған Павлодардың 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Пәтерді жалға алуды қалаушыларға ол мобильді банкинг арқылы 10 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін шағын аванстық төлемді аударуды ұсынған. Қазіргі таңда алданған 5 астаналық полицияға жүгінген.
Есіл ауданының полицейлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтарды ұстады. Екі жігіттің де осыған ұқсас қылмыстары үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта қалған зардап шеккендер анықталып жатыр.