00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорда шетелдік инвестициялар тартуда оң нәтиже көрсетіп отыр

31 наурыз, 2023
Ғани Атымтай Ғани Атымтай
Елорда шетелдік инвестициялар тартуда оң нәтиже көрсетіп отыр
ашық дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Елорда өнеркәсібін дамыту, 2023 жылға арналған жоспарлар» тақырыбында «Astana Invest» ЖШС Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жөніндегі департаментінің директоры Дияр Асқаров брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 909,7 млрд теңгені құрады, НКИ – 101,7%. Өңдеу өнеркәсібінде 1 738,6 млрд теңге сомасына өнім өндірілді, НКИ – 101,2%.

Қаланың өнеркәсібі негізінен Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарымен ұсынылған-өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінің 91%; электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау – 7,6%; сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау – 1,3%.

Өңдеу өнеркәсібінің негізгі салалары: металлургия, машина жасау, басқа металл емес минералды өнімдер өндірісі, сусындар өндірісі, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру және тамақ өнімдері. Қалалық өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі үлесі №1 Индустриялық паркте, технопаркте, Өндіріс кентінде шоғырланған.

2020 жылдың қорытындысы бойынша қаланың ЖӨӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 6,7% - құрады. Жоспар 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 10%-ға дейін ұлғайту көзделген. 2022 жылғы қаңтар-тамызда елорданың өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемі 1 743,6 млн АҚШ долларын құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе өсті, – деді департамент директоры.

Асқаровтың айтуынша, қаңтар-желтоқсандағы негізгі капиталға инвестициялар көлемі – 1 446,8 млрд теңгені құрады. Жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялар 1 093,6 мың теңге, яғни 3,2% өсіммен.

Елорда шетелдік инвестицияларды тарту бойынша 7-орында. Бүгінгі таңда Астана қаласының инвестициялық жобаларының бірыңғай пулы құрылды, оған инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 2,3 трлн теңге болатын 262 жоба кіреді. 26 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құрумен қатар, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі саласында - 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 249,9 млрд теңгеге 82 жоба қарастырылған.

Өңдеуші кәсіпорындарды қолдаудың пәрменді құралдарының бірі арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) болып табылады. Бүгінгі таңда Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет АЭА дамыту бойынша түбегейлі басқа саясатқа көшу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Қазіргі күні  Индустриалды парк бұл экономикалық тиімділікті растайды. Инвесторлардың қажеттіліктерін ескере отырып, №2 Индустриялдық парк құру бойынша жұмыс жүргізетін болады.

Бүгінгі таңда «Астана-жаңа қала» АЭА ЖК-1 аумағында 5 871 тұрақты жұмыс орнын құрумен 166 млрд теңгеге 50 жоба жұмыс істейді. Іске асыру сатысында 63,5 млрд теңге сомасына 40 жоба, 2 484 тұрақты жұмыс орны құрылуымен. Барлық уақытта салынған инвестициялар көлемі 183, 4 млрд теңге, 2022 жылдың 9 айында – 9,6 млрд теңге. Бүгінгі таңда «Астана-Технополис» АЭА аумағында 1 млрд теңгені құрайтын, 32 тұрақты жұмыс орнын қамтыған 3 жоба жұмыс істейді. 10 жоба іске асырылуда, – деді «Astana Invest» ЖШС Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жөніндегі департаментінің директоры.

Ол атап өткендей, іске қосылған 50 жобаның 11-і экспортқа бағытталған. Осы уақытта дейін 93,8 млрд теңгенің өнімі экспортталды (2022 жылдың 9 айында – 15 млрд теңге). Негізгі экспорттық тауарлар: электровоздар, комбинезон, локомотивтер, қалпақшалар және т.б. Экспортталатын елдер: Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркия.

Жүзеге асырылған 50 жобаның ішінде – шетелдіктердің қатысумен 7 жоба бар. Жүзеге асырылып жатқан 50 жобаның ішінде – 2 жоба шетелдік компаниялар қатысуда.

№2 Индустриалды парк үшін бас жоспар әзірленді. Оны әзірлеуге халықаралық сингапурлық «Jurong» компаниясы атсалысты.

Техникалық-экономикалық негіздемені түзету жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда инженерлік желілердің жүктемелері бойынша қорытынды жұмыстар жүргізілуде, мүмкін болатын жүктемелерді анықтау үшін қаланың коммуналдық қызметтерімен кездесулер өткізілді. Телефония, электр, су және кәріз, газбен қамту желілеріне техникалық шарттар алынды.

Бастапқы мәліметтерді жинауға және N2 Индустриалды парктің жер телімін кластерлерге бөлуге байланысты ТЭН түзету 2023 жылы аяқталады деп күтілуде, – деді Диар Асқаров.