00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада қар күреуге 2 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада қар күреуге 2 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты
ашық дереккөз

Астананың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, деп хабарлады Elorda.info.

26 қаңтар күні таңертең қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшысы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Өткен түнде қаладан 16 мың текше метрден астам қар немесе 1 274 жүк көлігі шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға барлығы 2,6 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 212 мың ауыр жүк көлеміне тең.

Қаладағы негізгі тротуарлар мен көшелердің бәріне көктайғақты болдырмау және тұрғындардың жайлы қозғалысы үшін құм-тұз қоспасымен себіледі.