00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Былтыр билетсіз жүрген 19 206 астаналық жолаушыға айыппұл салынды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Былтыр билетсіз жүрген 19 206 астаналық жолаушыға айыппұл салынды
ашық дереккөз

Астанада күн сайын Көлік бақылау департаментінің қызметкерлері билетсіз жолаушылар бойынша рейдтер жүргізеді, деп хабарлады Elorda.info.

«Билетсіз жүретіндер» жол жүру ақысын көбінесе КБД жұмыскерлері келген кезде ғана төлейді. Мысалы, 2022 жыл қорытындысы бойынша Көлік бақылау департаментінің қызметкерлері жол ақысын төлеуден жалтарудың 125 359 фактісін анықтады, оның ішінде 19 206 жолаушы ҚР ӘҚБтК 622-бабының 2-бөлігі бойынша жалпы 117 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген CTS хабарламасында.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен келіп түскен ақпарат бойынша, ҚР ӘҚБтК 622-бабының 2-бөлігі бойынша Республиканың барлық өңірлерінде тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтар саны 22 652 фактіні құрады, осылайша, Астана үлесіне жалпы құқық бұзушылықтар санының 84,8%-ы келеді.