00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада қыс басталғалы 2,6 млн текше метрден астам қар шығарылды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада қыс басталғалы 2,6 млн текше метрден астам қар шығарылды
ашық дереккөз

Астананың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Күн сайын қаланың көшелері мен жолдарының қары мен мұзын күреуге екі мыңға жуық жол жұмысшысы шығады, деп хабарлады Elorda.info.

Елордадан 25 қаңтарға қараған түні қар полигондарына 16 мың текше метр қар немесе 1 255 рейс шығарылды.

25 қаңтар күні таңертең қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшысы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс мезгілінің басынан бері Астанадан 2,6 миллион текше метрден астам қар шығарылды, бұл 209,1 мың ауыр жүк көлеміне тең.

Қала тұрғындарының қауіпсіз жүріп-тұруы және көктайғақты болдырмау үшін көшелерге, тротуарларға, жолдарға құм-тұз қоспасы себіледі.