00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астана аулалары бір жылда қалай түрленді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астана аулалары бір жылда қалай түрленді
ашық дереккөз

Астанада 2019 жылдан бері «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асып келеді. Табысты жүзеге асып келе жатқан бастама аясында бір жыл ішінде қаланың төрт ауданында жүзден астам аула абаттандырылды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы елорда тұрғындарына жұмыстың барлық кезеңінде аулалар мен үй маңындағы аумақтарды дамытуға және абаттандыруға тікелей араласуына мүмкіндік береді.

Алматы ауданында былтыр бұл жобаға қатысуға 54 өтінім берілді, оның 23-і мақұлданды. Олардың арасында 12-сі балалар алаңдары мен демалыс аймағын абаттандыру, 5-еуі жарық беру жүйесі және 6-ауы көгалдандыру бойынша.

Өтінімдерді іріктеуді сараптамалық кеңес жүргізді, оның құрамына ауданның белсенді тұрғындары, аудандық әкімдіктің қоғамдық ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері кірді.

Байқоңыр ауданында 2022 жылы жоба аясында 15 аула жаңартылды. Мұнда жаңа ойын алаңдары мен демалыс аймақтары салынды, көгалдандыру жүргізілді, жергілікті балалар мен ересектер үшін белсенді демалыс ұйымдастырылды. Айта кетейік, биыл 15 ауланы абаттандыру жоспарланып отыр.

Есіл ауданының әкімдігіне былтыр бағдарламаға қатысуға 75 өтінім келіп түсті. Сараптамалық кеңес іске асыру мақсатында 42 жобаны таңдады.

Айта кетейік, 2019 жылдан бастап Сарыарқа ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша тұрғындардың 54 бастамасы іске асырылды. Өткен жылы ғана ауданда 45 аула жаңартылды, оның 23-і тұрғындардың елорда бюджетіне қатысуы аясында.

Айта кетейік, биыл да аудан әкімдіктері «Халық қатысатын бюджет» жобасына атсалысу үшін қала тұрғындарының өтінімдерін қабылдай бастайды. Мысалы, Сарыарқа және Есіл ауданының әкімдіктері аталған жұмысты бастап кетті. Қалғандары аталған жобаның басталғаны туралы кейінірек хабарлайды. Тұрғындар аулаларды күрделі жөндеу, гүлзарлар, саябақтар, қоғамдық кеңістіктер салу, аумақтарды көгалдандыру және т.б. ұсыныстарын ұсына алады.

Техникалық тексеру мен талдаудан кейін жобалар қазақстандықтардың дауыс беруіне ұсынылады.