00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада коммуналдық тарифтердің өсуіне әсер ететін бірнеше фактор бар

31 наурыз, 2023
Ғани Атымтай Ғани Атымтай
Елордада коммуналдық тарифтердің өсуіне әсер ететін бірнеше фактор бар
ашық дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Болат Танабергенов «Тарифті инвестицияға айырбастау» тақырыбында брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Департамент 75 табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі – ТМС) қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асырады, оның ішінде мемлекеттік тіркелімнің жергілікті бөлімінде тұрған 59 ТМС және республикалық тіркелімнен жіберілген 16 ТМС. ТМС реттелетін қызметтерді 103 түрі бойынша көрсетеді, оның ішінде:

13-сумен жабдықтау және су бұру саласында;

19 – электр және жылу энергетикасы саласында;

5 – газ және мұнай тасымалдау саласында;

65 – теміржол көлігі саласында;                              

1 – телекоммуникация желілерінің кабельдік кәрізі саласында.

Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес, департамент қызметтің 3 түрі бойынша қоғамдық маңызы бар нарықтың 4 субъектісіне баға белгілеу тәртібінің сақталуын реттеуді және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Бұдан басқа, департамент 5 базалық ТМС қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асырады, оның ішінде: «Астана-Энергия» АҚ; «Астана-Теплотранзит» АҚ; «Астанаэнергосбыт» ЖШС; «Астана-аймақтық электрожелілік компаниясы» АҚ; «Астана Су Арнасы» МКК.

Табиғи монополиялардың базалық субъектілері бойынша департамент 2025 жылға дейінгі шекті тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітті, сонымен қатар «Астана-Энергия» АҚ-ның 2022-2027жж. арналған тариф бекітуге өтінімін кері қайтарып алуына байланысты, 2023 жылға арналған тариф инвестициялық бағдарламасы бекітілді. ҚР Президентінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес Экономикалық саясат бойынша нақты міндеттер қойылды, оның ішінде «Тарифті инвестицияға айырбастау» тарифтік саясатының жаңа тұжырымдамасына көшу қажеттілігі айтылды, – деді департамент директоры.

Оның айтуынша, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде департамент коммуналдық қызметтер саласындағы субъектілердің техникалық жай-күйі бойынша талдау жүргізді, онда елордада коммуналдық қызметтерді сапалы және үздіксіз ұсынуды қамтамасыз ету үшін бірқатар проблемалық мәселе анықталды. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында халыққа бекітілген тарифтерінің өсуіне мораторий қолданылды. 2023 жылды өткен жылмен салыстырғанда, коммуналдық қызметтерге тарифтер сол деңгейде қалды.

Осыған байланысты, «Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидаты бойынша тарифтік саясатты жетілдіру шеңберінде 2022 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы Заңға қол қойды, онда бірқатар жаңалық белгіленді. Әзірге тарифтердің белгілі бір өсуі туралы айту ертерек, өйткені инженерлік инфрақұрылымның техникалық жағдайына байланысты, әр жағдай жеке қарастырылады. Бұл табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін беруге байланысты болады. Өтінімдер біртіндеп келіп түседі және тарифтердің өсуі «Табиғи монополиялар туралы» заң аясында қабылданған өзгерістерге байланысты болады. Тарифтердің қашан көтерілетінін нақты белгісіз, өйткені бұл өтініш беру уақытына байланысты, – деді Болат Танабергенов.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы бүгінгі таңда өтінімнен бастап түпкілікті шешім қабылдауға дейінгі барлық процесс ашық екенін айтты. Ол атап өткендей, әрбір тұтынушы «Монополист» базасына кіре алады, субъектінің өтінімін және қандай шығыстар көзделгенін көре алады. Түпкілікті шешім қабылдау кезінде, тарифті бекіту кезінде мәслихат депутаттарының, қоғамдық бірлестіктердің, халықтың және барлық мүдделі тұлғалардың қатысуымен жария тыңдаулар өткізіледі. Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландырулар БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жарияланады. Сонымен қатар Facebook желісінде қоғамдық тыңдаулар тікелей эфирде өтілетін болады.

Ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасы мен сенімділігіне тікелей әсер ететін инженерлік желілердің тозуы, Астана қаласы бойынша орташа есеппен 41% құрайды, оның ішінде жылу энергиясы 47%, сумен жабдықтау 41%, су бұру 40%, электр энергиясы 30%.

Мұнда негізгі міндет желілердің, жабдықтардың инженерлік инфрақұрылымының тозуын кем дегенде 15%-ға төмендету, табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылардың қаражатын мақсатты пайдалануына бақылауды күшейту, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.

Иесіз желілердің шығынын өтеуге келсек, бүгінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мәселелер бар. Атап айтқанда, бұл иесіз желілердің болуы, олардың жұмысына бірнеше ұйым жауапты және бұл жалпы ұсынылатын қызметтердің сапасына әсер етеді, – деді Б. Танабергенов.

Оның айтуына қарағанда, егер монополист мұндай желілерді өз балансына немесе сенімгерлік басқаруға қабылдаса, оған бұл шығындар өтеледі, ол да тарифке қосылады. Бұл шаралар көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттырады.

2023 жылға күтілетін өсімге келетін болсақ, тарифтердің өсуіне әсер ететін бірнеше фактор бар. Біріншісі – стансаларда жаңа қуаттарды өндіруге және қалыптасқан тапшылықты азайтуға мүмкіндік беретін электр энергиясын өндіру бағасының өсуі. Екіншісі – желілер мен жабдықтардың тозуы, үшіншісі Астанадағы орташа статикалық жалақымен салыстырғанда жалақының төмендігі, – деді ол.

Ғани АТЫМТАЙ