00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қыс мезгілі басталғалы елордадан 1,7 млн текше метр қар шығарылды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қыс мезгілі басталғалы елордадан 1,7 млн текше метр қар шығарылды
ашық дереккөз

Астанада қыс мезгілі басталғалы 1,7 млн текше метрден аса қар шығарылды, деп хабарлады Elorda.info.

10 қаңтар күні таңертең елорда көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2 мыңға жуық жол жұмысшысы шықты, мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

9 қаңтардан 10-ына қараған түні қаладан 1 673 текше метр қар немесе 204 ауыр жүк көлігіне тең қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға 1,7 миллион текше метрден астам қар немесе 138 мыңнан астам рейс шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, қалада 30 градус аяз орнап тұр. Елорда тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы және көшеде ұзақ уақыт жүрмеуі керек.