00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада құтқарушылар «Барыс» спорт кешенінің маңында коньки тебуге тыйым салды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Астанада құтқарушылар «Барыс» спорт кешенінің маңында коньки тебуге тыйым салды
ашық дереккөз

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Барыс» спорт кешенінің маңында коньки тебуге тыйым салды, деп хабарлады Elorda.info елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ауа райының күрт өзгеруіне, мұздың еруіне байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына Алматы ауданы Ақбұлақ өзенінің «Барыс» спорт кешенінің бойындағы («Қазақстан» спорт кешенінің жанында) су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша коньки тебуге тыйым салынатынын ескертеді. Азаматтардан оқиғаларды болдырмау мақсатында ескертулерді тыңдауды сұраймыз. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар!, — делінген хабарламада.