Елордада алғаш рет дайын құжаттарды беру үшін пилоттық жоба – постаматтар іске қосылды
26 желтоқсанда Астанада мекенжайында орналасқан жаңа ХҚО ашылды. Ашылу салтанатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Мемлекеттік корпорация цифрлық кеңселердің инфрақұрылымын жыл сайын жақсартуда. Жаңа ХҚО Kaizen Standart қағидатына негізделген. Kaizen сапаны, технологияларды, процестерді, корпоративтік мәдениетті, еңбек өнімділігін және компания қызметінің басқа да аспектілерін үздіксіз жақсартуды қамтиды. Жетілдіру процесіне директорден бастап, қарапайым қызметкерге дейін қатысады.
Балалармен келген тұрғындардың қолайлығы үшін жаңа ХҚО ғимаратында, ана мен балаға арналған бөлме және ойын алаңы бар. Жаңадан ашылған цифрлық кеңсе бірнеше секторға бөлінген. Осыған орай, жылдамдық аймағында мемлекеттік қызметті 10 минут ішінде алуға болады. Ену аймағында тұрғындар оператордың көмегінсіз өздеріне қажетті кез-келген құжатты eGov mobile қосымшасы арқылы ала алады.
Бұл орталықта 24/7 сағат бойы жұмыс істейтін постаматтар орнатылған. Азаматтар жұмыстан кейін кез келген уақытта, құрылғыдан дайын құжаттарды ала алады. Бұл пилоттық жоба болашақта барлық өңірлерде іске қосылуы жоспарлануда.
Сонымен қатар, жаңа орталықта «ХҚО» мобильдік қосымшасы арқылы бейне қоңырау бойынша мемлекеттік қызметтерді алуға арналған кабиналар орнатылған. Сондай-ақ, тұрғындар осы қосымша арқылы кезекке тұрып және өз кезегін бақылай алады.
Бұдан бөлек, ХҚО-да әлеуметтік блок пен жер кадастры қызметтерін алуға арналған бөлім, сондай-ақ, азаматтар бейне қоңырау арқылы кеңес ала алатын аймақтар бар. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жаңа орталықта пандус және қызмет көрсетуге арналған жеке сектор қарастырылған. Сонымен қатар, егер клиенттерге ұялы телефонды қуаттандыру қажет болса, онда байланыс аймағында смартфондарды қуаттандыруға арналған бірнеше құрылғы орнатылған.
Жаңа ғимараттың ауданы алдыңғыға қарағанда 2 есе үлкен. Жаңа ХҚО-да 32 оператор жұмыс істейді. Жаңа цифрлық кеңсеге күніне 1000-ға жуық қызмет алушы келеді деп күтілуде.