00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада қалың қар салдарынан бір күнде 135 жол апаты тіркелді

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Астанада қалың қар салдарынан бір күнде 135 жол апаты тіркелді
ашық дереккөз

Елорда полициясы көлік жүргізушілеріне ескерту жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Таңғы уақыттан бері елордада 135 жол-көлік оқиғасы тіркелді, адам зардап шекті. Қардың көп жаууына байланысты жүргізушілерден өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, тежегішті күрт баспауды, қашықтық пен аралықты сақтауды сұраймыз, - деп жазылған департамент хабарламасында.

Құқық қорғау органдары көлік жүргізушілеріне ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше сақ болуды ескертті. Жолдан өту кезінде дымқыл және тайғақ жолда көліктің тежелуі қиын болады.

Балалардың жол-көлік жарақатын болдырмау мақсатында жарыққа шағылысатын элементтерді пайдалануды ұсынамыз, - деп толықтырды елордалық ПД.