Астанада Тұран даңғылындағы ХҚКО жабылды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Астанада Тұран даңғылындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы жабылды, деп хабарлады Elorda.info.
Тұран даңғылы, 37/9 мекенжайы бойынша орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығы жабылды. Енді азаматтарды Керей және Жәнібек хандар көшесі, 4 мекенжайы бойынша қабылдайды. Мұнда сіз мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін ала аласыз, – делінген «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады. Тұрғындарды дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.
Ұқсас жаңалықтар