Елордадағы Байқоңыр ауданының бас шыршасы жағылды
Бүгін Байқоңыр ауданындағы Ататүрік саябағында ауданның жаңа жылдық бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Шаршаның салтанатты жағылу рәсіміне Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев, аудан тұрғындары мен балақайлары қатысты.
Ерлан Жаулыбаев ауданның бас шыршасының шамдарын жақты.
Алаңда Аяз ата мен ақшақар, сондай-ақ басқа да ертегі кейіпкерлер мен түрлі аниматорлардың көңілді бағдарламалары шараны жандандыра түсті. Кішкентай көрермендер үшін арнайы аниматорлар мен алып қуыршақтар, түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды.
Ататүрік саябағының төрінен орын алған Байқоңыр ауданының бас шыршасының ұзындығы 6 метрді құрайды. Шырша түрлі-түсті шарлармен және жылтырақ ойыншықтармен безендірілген.
Сондай-ақ іс-шара барысында саябақта сырғанақтар мен мұз айдындары іске қосылды.