Елордада бокстан Қазақстан Республикасының ашық турнирі өтті
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Елорда іргесінде орналасқан «Аспан» спорт кешенінде бокстан Қазақстан Республикасының ашық турнирі өтті. Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған жарысқа барлығы 350 спортшы қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Байрақты бәсеке жастар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған. Былғары қолғап шеберлерінің додасында еліміздің барлық өңірлерінен келген спортшылар бақ сынады.
Барлығы 350 спортшы жиналды. Олар жас ерекшеліктері бойынша 7 топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады.
Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2024
LRT құрылысы: Тіректерді тұрғызу жұмыстары толық аяқталды
20 қыркүйек, 2024
Елордада білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі пысықталды
20 қыркүйек, 2024
Мәслихат отырысында МӘМС мәселесі көтерілді
20 қыркүйек, 2024
Елордада мәдениет саласының қызметкерлері инклюзивті орта құруды талқылады