00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада ЖҚЕ бұзған 500-ге жуық қоғамдық көлік жүргізушісі анықталды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Астанада ЖҚЕ бұзған 500-ге жуық қоғамдық көлік жүргізушісі анықталды
ашық дереккөз

Елордада «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 500-ге жуық қоғамдық көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бес күн ішінде автобус жүргізушілерінің 496 ЖҚЕ бұзғандығы анықталды. Қоғамдық көлік жүргізушілерінің кінәсінен екі жол-көлік оқиғасы болды. Елордада жолдағы апаттылықты, сондай-ақ қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуын азайту мақсатында “Автобус” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Тәртіп бұзушылықтар үшін автобус паркінің 6 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 26 нөмірлік белгі алынып, 11 көлік коммуналдық тұраққа қойылды.  Жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жолаушыларды тиісті рұқсатсыз тасымалдайтын жеті такси жүргізушісін анықтады.

Бір күнде полицейлер жолаушыларды заңсыз тасымалдауды жүзеге асыратын жақын шетелдің үш азаматын тоқтатты.  Осылайша, полиция қызметкерлері Chevrolet такси автокөлігін басқарып келе жатқан 28 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Жүргізуші таксидің мобильді қосымшасы арқылы тіркеліп, жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысқаны анықталды. Жолаушыларды заңсыз тасымалдаған барлық жүргізушілер ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөліктер коммуналдық тұраққа қойылды.