00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

900-ден астам аула мен қоғамдық орындарды жақсарттық – Алтай Көлгінов

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
900-ден астам аула мен қоғамдық орындарды жақсарттық – Алтай Көлгінов
ашық дереккөз

«Астана – жайлы қала» бас жоспары аясында елорданы түрлендіру жолында ауқымды жұмыстар жүргізілді. 900-ден астам аула мен қоғамдық орындарды жақсартылды. Бұл туралы  Алтай Көлгінов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды,т деп хабарлады Elorda.info.

 

Құрметті елорда тұрғындары!
Сіздермен бірге астанамыздың игілігі үшін қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік болды. Үш жарым жыл бойы өздеріңізбен бірге қаламызды дамытып, түйткілді мәселелерді шешуге, сондай-ақ елорданы одан әрі көркейтуге және өмір сүруге қолайлы ету жолында жұмыс істедік.

Астана әкімі қызметіне кіріскен сәттен бастап күн сайын қала тұрғындарымен кездесіп жүрдім. Сол кездегі басты мәселелердің бірі үлескерлердің мәселелерін шешу болатын. Ұзақ уақытқа созылған әрбір құрылыстың артында пәтерін жылдар бойы асыға күткен мыңдаған адамның тағдыры тұрғанын білесіздер. Осы уақыт ішінде мәселесі қордаланған 16 мыңға жуық үлескер отбасының санын 2 мыңға дейін азайттық.

Тағы бір маңызды бағыт – шет аймақтарымызды дамыту. Елорданың әрбір төртінші тұрғыны қала шетіндегі елді мекендерде тұрады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен оларды дамытудың жеке жоспары қабылданды. Шеткері елді мекендерді дамыту бойынша осы уақыт ішінде қыруар жұмыс атқарылды. 700 шақырымға жуық газ құбыры, 42 шақырым су құбыры тартылып, 17 шақырым жаңбыр суына арналған желі, 11 шақырым кәріз желісі және т.б. салынды. Сондай-ақ елді мекендерде 250 көше, 300 аула және қоғамдық орындар жасалды.

Инфрақұрылымдық (газбен жұмыс істейтін жылу стансалары, жаңа ауыз су стансасы, нөсерлі кәріз желілері және т.б.), әлеуметтік нысандардың да құрылыс көлемі айтарлықтай көбейтілді.

Осы уақыт ішінде 93 мың оқушыға арналған 45 мектеп салынды. Оның 36-сы жұмыс істеп тұр, тағы 9-ы биылғы оқу жылында пайдалануға беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 100 мың оқушыға 25 ірі мектепті жобалау басталды. 20 мыңнан астам әлеуметтік пәтерді қамтитын тұрғын үйлер салынды.

Одан әрі жүйелілік үшін қаланың Бас жоспарына өзгерістер енгізіліп, полицентристік аясында 420-дан астам учаске бекітілді. Олар: мектептер құрылысына – 158 учаске, балабақшалар – 185, емханалар, перзентханалар, оңалту орталықтары – тағы 78 учаске.

«Астана – жайлы қала» бас жоспары аясында елорданы түрлендіру жолында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Атап айтар болсам, 900-ден астам аула мен қоғамдық орындарды жақсарттық, - деді Алтай Көлгінов.