00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорда әуежайында бірнеше рейс тоқтатылды

31 наурыз, 2023
Жалын Жарқыраған Жалын Жарқыраған
Елорда әуежайында бірнеше рейс тоқтатылды
ашық дереккөз

Елорда әуежайына ұшып келетін де ұшып кететін де бірнеше рейс уақытынан кешіктіріледі, деп хабарлады Elorda.info.

Әуежайдың ресми сайтындағы онлайн-табло деректеріне сәйкес, бүгін елордағы ұшып келетін Петропавл, Қостанай (2 рейс), Талдықорған, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Пхукет, Ереван бағытындағы ұшақтардың кешігетіндігі көрсетілген. Сондай-ақ Алматыдан келуі тиіс 4 рейс (Air Astana әуе компаниясының 3, FlyArystan әуе компаниясының 1 рейсі) тоқтатылған.

Ал Астанадан Атырау, Павлодар, Ақтөбе, Ереван, Пхукет бағытына да ұшақтардың қашан ұшып шығатыны белгісіз.

Онлайн-таблода Алматы бағытында да 4 рейстің (Air Astana әуе компаниясының 3, FlyArystan әуе компаниясының 1 рейсі) тоқтатылғаны көрсетілген.