00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл елордада «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша қанша квота бөлінген?

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл елордада «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша қанша квота бөлінген?
ашық дереккөз

Биыл елордада «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша шеңберінде экстракорпоралдық ұрықтандыруға 514 квота бөлінген. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Астана қалалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

2021 жылдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл квота санын 7 есеге – жылына 7 000-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Ем-шара МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтер тізбесіне кіреді, сондықтан сақтандырылған пациенттер оны тегін пайдалана алады. «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша биыл Астана қаласында ЭКҰ-ға 514 квота бөлінді, - деп атап өтті Нұрлыбек Қабдықапаров.