Астанадағы «Көктал-1» тұрғын алабындағы газ құбырын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр
«Көктал-1» тұрғын алабындағы газ құбырында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 29 қараша күні сағат 9:20-дағы жағдай бойынша 153 абонентке газ беру қалпына келтірілді, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
№15 ГТШП және №16 ГТШП қызмет көрсететін 153 абонентке газ беру қалпына келтірілді. Бұл-Ақан сері, Қараменде би Шақұлы, Сұлутал, Сүйінбай Ақын, Айдархан Тұрлыбаев көшелерінің тұрғындары. Үшінші ГТШП бойынша бу қондырғысы бар арнайы көлікпен 75 абонентке ГТПШ жылыту жұмысы ұйымдастырылды.
«Көктал-1» тұрғын алабы абоненттерінің бір бөлігіне газ беру 28 қарашада сағат 18:40-та «ГАЗОВИК» ЖШС инжинирингтік компаниясының келісілмеген жер жұмыстарын жүргізуі барысында орташа қысымды газ құбыры зақымданғанына байланысты тоқтатылды.
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ апаттық бригадасы дереу оқиға орнына шығып, қалпына келтіру жұмыстарына кірісті.
Сарыарқа ауданы әкімдігінің аппаратында штаб құрылды. Аудан әкімдігі көмір тасымалдауды ұйымдастырды. Қазіргі уақытта абоненттердің бір бөлігі газға қайта қосылған.
Еске салсақ, кеше Астанада «Көктал-1» тұрғын алабының тұрғындары газсыз қалған еді.
Сағат 18.40-та «Газовик» ЖШС-нің құрылыс техникасы жұмыс істеп жатқан кезде Шұғыла көшесі- 24 мекенжайындағы орташа қысымды, диаметрі 225 мм болатын газ құбырына зақым келді. Бұл құбыр №14,15,16 газ тарату пунктерін табиғи газбен қамтамасыз етеді. Соның салдарынан Көктал-1 шағын ауданына газ беру толығымен тоқтап қалды. 236 абонент газсыз отыр. Газ беру аварияның салдарын жойылғаннан кейін қалпына келтіріледі, - делінген болатын «ҚазТрансГазАймақ» АҚ хабарламасында.