Соңғы 10 жылда Астана халқы 59 пайызға өсті – министр
31 наурыз, 2023
Сабина Кәкімжан
ашық дереккөз
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобасын таныстырды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
Теңсіздіктердің пайда болуына ықпал ететін негізгі фактор – ірі қалалар мен оларға іргелес аумақтарда халық санының бақылаусыз өсуі болып табылады. Мәселен, соңғы 10 жыл ішінде Астана қаласының халқы 59% пайызға, Алматыда 37%-ға, Шымкентте 67%-ға өсті. Оған қоса, қалалардың аумақтары да едәуір өсті. Мысалы, Астана елорда болғалы жер аумағы жағынан 3 есе өсті, Алматы қаласының аумағы соңғы он жылда 2,5 есе өсті, ал Шымкенттің аумағы 3,5 есе өсті. Ірі қалаларда халық саны мен жер аумағының өсуі бірқатар проблеманы тудырып отыр, - деді министр.
Ұқсас жаңалықтар