00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық полицейлер өрттен зардап шеккен құтқарушыларға қан тапсырды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордалық полицейлер өрттен зардап шеккен құтқарушыларға қан тапсырды
ашық дереккөз

Астананың көпқабатты үйінде болған өрттің салдарынан азаматтарды құтқару кезінде елордалық ТЖД-ның екі өрт сөндірушісі зардап шекті. Олар күйікпен қалалық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендерге шұғыл түрде қан қажет болды, деп хабарлады Elorda.info Polisa.kz-ке сілтеме жасап. 

Көмекке Астана қаласы Полиция департаментінің полицейлері үлестерін қосты. Олар өрттен зардап шеккендер үшін қан тапсырды. 

Тәртіп сақшылары әрқашан көмектесуге дайын және олар тапсырған қан адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі деп үміттенеді.