00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанадағы Президенттік клиникада заманауи емдеу-диагностика блогы ашылды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Астанадағы Президенттік клиникада заманауи емдеу-диагностика блогы ашылды
ашық дереккөз

ҚР Президенті Іс басқармасының Медицина орталығында заманауи емдеу-диагностика блогы жұмыс істей бастады, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Бүгін ашылған бөлімде пульмонология, нефрология, гастроэнтерология, эндокринология, неврология, ревматология және кардиология бойынша күрделі ауруларға шалдыққан науқастарды емдеп, оңалтады.

Сондай-ақ Медицина орталығы жанынан алдағы уақытта пульмонология орталығын ашу жоспарланған.

640-компьютерлік томографияның Қазақстан және Орталық Азия бойынша теңдесі жоқ. Аппарат зерттеуді 1,5-2 есе тездетеді. Осылайша стандартты зерттеулер 15 минутқа, ал мамандандырылған зерттеулер уақыты 30 минутқа дейін қысқарады. Бұл пациенттер үшін қолжетімділікті арттыра түседі. Аталған компьютерлік томографияның көмегімен жылына 12 мың зерттеу жүргізу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар 4D форматта зерттеу жүргізу мүмкіндігі де туып отыр. Пациенттің барлық трансплантологиялық өлшемін анықтап, бере аламыз. Яғни оның бауыр қызметі, тыныс алуы, ас қорыту және тағы басқа аспекторлар бойынша. Аппарат ағзаның құрылымын ғана емес, сонымен қатар оның қызметін егжей-тегжейлі көрсетеді. Сондай-ақ аппараттың көмегімен жоғары сапалы суреттер мен дәл қорытынды алуға болады. Одан бөлек, «640-компьютерлік томография аппараты рентгендік-сәуле радиациясын 2 есе аз таратады, - деді ҚР Президенті Іс басқармасының Медицина орталығы компьютерлік және магниттік резонанстық бөлімінің меңгерушісі Эльмира Елшібаева.

Емдеу-диагностика блогының ашылуына ҚР Президенті Іс басқармасының Медицина орталығының басшысы Алексей Цой қатысып, орталықтың жұмысымен танысты.

ҚР Президенті Іс басқармасының ауруханасында ем алуға аймақтардан көптеген өтініш келіп түсті. Пациенттер еліміздің түкпір-түкпірінен жолдама ала алады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы әр өңірде емдеуге жатқызу порталы бойынша науқастарды осында жіберуге болады. Азаматтарымыз үздік технология үшін шетелге барып емделеді. Ал бұл жерде барлық технология қолжетімді. Енді өз елімізде емдей аламыз. Осы корпусты ашу үшін біздің орталық бірнеше жыл бойы мамандар даярлады. Мамандар диагностика жасап, емдеудің заманауи тәсілдерін үйренді. Отандық денсаулық сақтау саласы жыл санап жақсарып келеді. Жаңа медициналық нысандар ашылып, пациенттердің өз елімізде ем алуына жағдай жасалып жатыр. Бұл біз үшін маңызды, - деді ол.