Елордалық прокуратура есірткі құралдарын жарнамалайтын 17 сайтты анықтады
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында синтетикалық есірткінің таралуының өсуіне ерекше назар аударылды, деп хабарлады Elorda.info.
Синтетикалық есірткінің оңай қолжетімді болуы қоғамға үлкен қауіп төндіреді.
Осы орайда қалалық психикалық денсаулық орталығының наркологиялық блогына жатқызылғандарың өсуі байқалды, 2021 жылы олардың саны 2 080 пациент болса, 2022 жылдың 10 айында 2 126 науқас жатқызылған.
Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде көптеген «синтетика» жарнамалары қолжетімді.
Елордалық прокуратура осындай 17 сайтты анықтады.
Мысалы, «Q» сайтында мекенжайлары мен деректемелері көрсетілген есірткі құралдары ашық жарнамаланған.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде барлық 17 есірткі сайты бұғатталды.
Есірткінің таралуын болдырмау жөніндегі жұмыс уәкілетті органдардың ерекше бақылауында, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Мұндай сайттар табылған жағдайда дереу келесі нөмірлерге хабарласу қажет:
Қалалық прокуратураның кезекші прокуроры- (7172) 71-24-67.
Полиция Департаментінің сенім телефоны - (7172) 71-63-93.