Астанада Антикор өкілдері студенттермен кездесті
Астана медицина университетінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті өкілдерінің студент жастармен кездесуі өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту, құқықтық сауаттылықты дамыту және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
Университет ректоры Камалжан Надыров сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ қоғам құруға жас ұрпақтың қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Ілияс Базилов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелерін түсіндірді, қаржы полициясы органдарының қызметі туралы айтты.
Кездесу елордалық департамент пен Астана медицина университеті арасындағы екіжақты ынтымақтастық аясында өтті.