Экология министрі елорда тұрғындарымен кездеседі
4 қарашада сағат 15:00-де Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешевтің Астана қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Кездесу Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 2-қабат, Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында өтеді.
Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook, Youtube әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.
Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе мынадай байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөміріне: 8 708 132 78 66 және электрондық мекен-жайға: surak@ecogeo.gov.kz
Халықпен кездесу өткізу аясында:
1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;
2) азаматтарды жеке қабылдау;
3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.
Кездесуге жазылу үшін 8 708 132 78 66, 8 701 587 15 31, 8 708 943 36 20 нөмірлеріне хабарласу қажет.